Акимат Алаколького района Алматинской области

«Call center Алаколь»

Алматы облысының
тілдерді дамыту жөніндегі
басқармасының басшысы
А.Кендірбекұлына

 

Сыртқы жарнама мен көрнекі ақпараттың, оның ішінде тауарлық жапсырмаларда мәліметтердің сауатты жазылуын қамтамасыз ету, қателердің алдын алу, орын алған қателерді түзету, мәтіндерді қатесіз сауатты  жазылуын қамтамасыз ету мақсатында, шағын және орта бизнес өкілдері мен жарнама агенттіктерімен тиісті жұмыс жүргізу, тегін консультациялық көмек көрсету үшін Алакөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанынан «Жедел желі Алакөл» («Callcenter Алаколь ») орталығы құрылып отыр, байланыс телефондары (872833)  21096

Алакөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанынан тегін консультациялық көмек көрсету бойынша жедел желінің қызмет көрсететіндігі туралы аудандық «Алакөл» газетіне хабарлама берілді, кезекті санында жарияланады. Осы жедел желінің көмек көрсететіндігі жөнінде Алакөл ауданы әкімінің сайтына хабарлама жолданды.

Ауданда көрнекі ақпараттың жай-күйін зерделеу, деректемелер мен көрнекі ақпаратты, жарнамаларды Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 21 бабының талаптарына сәйкестендіру мақсатында аудан бойынша «Мемлекеттік тіл және жарнама» акциясы ұйымдастырылуда. Әлеуметтік желіде «Жедел желі Алакөл» («Callcenter Алаколь») акауынтын ашу жоспарланып отыр.

Ауданда осы мәселе бойынша 14 жұмысшы топ құрылған. Топтардың құрамына атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, тіл жанашырлары енгізілген. Жұмысшы топтармен 2014 жылы 15 рейд жүргізілсе, 2015 жылы 21 рейд жүргізілді, 6 кемшілік анықталып түзетілді.

Келесі жылы осындай жұмыс өз жалғасын табады, үгіт насихат және түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

 

Бөлім басшысы                                                         А.Садықов

тел. (872833) 21096.

 

 

Аудан тұрғындарының, шағын және орта бизнес өкілдері мен жарнама  агенттіктері  басшыларының назарына!

Сыртқы жарнама мен көрнекі ақпараттың, оның ішінде тауарлық жапсырмаларда мәліметтердің сауатты жазылуын қамтамасыз ету, қателердің алдын алу, орын алған қателерді түзету, мәтіндердің қатесіз, сауатты жазылуын қамтамасыз ету мақсатында, Алакөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанынан тегін консультациялық көмек көрсету үшін «Жедел желі Алакөл» («Callcenter Алаколь») орталығы құрылды.

Байланыс телефондары (872833) 21096.

 

Бөлім басшысы                                                         А.Садықов

тел. (872833) 21096.


Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».