Акимат Алаколького района Алматинской области

Информация

«Алакөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2017 жылғы сәуір айының 10 мен 14 аралығындағы атқарған жұмыстарының
ЕСЕБІ

14 сәуір орталық кітапханада жазушы Сафуран Шаймерденовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Сұңғыла сөздің сұлтаны» атты библиографиялық шолу ұйымдастырылды. Шолудың мақсаты оқырмандарды жазушының өмірбаяны мен шығармашылығын таныстырып, насихаттау.

14 сәуір З.Қойшыбаева атындағы аудандық мәдениет үйінде аудан көлемінде Ұлттық би байқауы округ жастары мен мектеп оқұшылар арасында ұйымдастырылды. Байқауға 11 би тобы қатысты. Байқаудың мақсаты: жастар шығармашылығын дамыту, музыкалық- эстетиткалық тәрбие беру, жас таланттарды насихаттау.

Жүлделі орындарға ие болған:

  • Бас жулде - Қабанбай ауылдық округі, №2 Қабанбай отра мектебі.
  • Бірінші орын- Балалар шығармашылық орталығы.
  • Екінші орын- Үшарал қаласы, Үшарал №1 орта мектебі,

Көктұма ауылдық округі, Көктұма орта мектебі.

  • Үшінші орын- М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебі,

Қабанбай орта мектебі,

Ақжар орта мектебі.

  • Көрермен көзайымы- М.Мыңбайұлы орта мектебі.
  • Ынталандыру мадақтамасы- Қайнар ауылдық округі,

Үшарал қазақ гимназиясы.

«Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Алакөл аудандық филиалы Ақши ауылдық округінің орта мектебінінің қызметкерлерінен қазтест жұмысы жүргізілді.

Алдағы аптадағы істелетін тапсырмалар бойынша:

Орталық кітапханада «Жас ұланның жан серігі - спорт» атты насихат сағаты ұйымдастырылуда.

З.Қойшыбаева атындағы аудандық мәдениет үйінде «Ауыл кеші көңілді» атты байқауына дайындық жүргізілуде.

«Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Алакөл аудандық филиалы 31767Г және 01852 әскери бөлімдерінің ҚазТЕСТ тапсырмаған қызметкерлерінен тест алуды жоспарлап отыр.

 

Бөлім басшысының
міндетін атқарушы А.Оразғалиева


Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».