Акимат Алаколького района Алматинской области
Ушарал +17 C°

Объявления

«Сыбаға» етті бағыттағы асыл тұқымды ірі-қара сатып алу жәнеде «Ырыс» бағдарламалары бойынша мемлекеттік қолдау көрсетілетінін хабарлайды

Категория: Объявления
Дата: 30.05.2019
Просмотры: 46 Печать страницы

Қалалық және ауылдық округтар әкімдіктеріне

 

«Алакөл» Кредиттік серіктестігі» (ары қарай – серіктестік) «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан ары қарай – «Іскер»), «Сыбаға» етті бағыттағы асыл тұқымды ірі-қара сатып алу жәнеде «Ырыс» бағдарламалары бойынша мемлекеттік қолдау көрсетілетінін хабарлайды.

2018 жылдың қортындысы бойынша серіктестіктің Е рейтингтен D рейтингке өсуіне байланысты жарғылық қорға салатын үлесті 1 ден 18 есеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік туып отыр. Атап айтқанда 100 000 теңге салып 1 800 000 теңге алуға мүмкіндігі болады.

Сонымен қатар серіктестік арқылы несие алудың негізгі талаптары:

  • несие тарихында соңғы 2 жыл кезеңде 90 күннен асқан қарыздың болмауы;
  • кепілге қойылатын мүлік құжаттарының дұрыс рәсімделуі;
  • шаруа қожалықтарының құрамында пай иелері болған жағдайда құжаттарының толық болуы;

жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келмеген жағдайда несие рәсімдеу барысында қиындықтар туындайтынын ескертеміз.

Уақыттың тығыздығана байланысты серіктестіктің құрамына шаруашылық құрылымдары және жеке кәсіпкерлерді енгізу үшін өтінім                                           2019 жылдың 10 маусымына дейін дейін қабылданады.

Осыған орай, серіктестік округтарыңыз бойынша жоғарыда аталған бағдарламаларға қатысуға қызығушылық танытқан жеке кәсіпкерлер, шаруашылық құрылымдар болса, толығырақ мәлімет алу үшін Үшарал қаласы, Қабанбай батыр көшесі №104 мекен-жайына жіберулеріңізді сұрайды.

 

Басқарма Төрағасы                                              Несипбеков А.С.

 

Орындаған: Даривхан С.

Тел: 8 (72833) 2-29-17


Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».