Акимат Алаколького района Алматинской области
Ушарал +28 C°

Новости

Электрондық сот ісін жүргізу

Категория: Новости
Дата: 20.06.2019
Просмотры: 24 Печать страницы

 

         Бүгінгі таңда барлық салаларда электрондық жаңа технологиялардың жетістіктерін қолдану кеңінен жүзеге асырылуда. Сот жүйесі бұл бағыттан тыс қалып отырған. Отандық сот жүйесінде электрондық технологиялардың мүмкіндіктері барынша тиімді қолданылуда. 

         Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынған «Цифрлы Қазақстан» ауқымды бағдарламсының аясында сот ісін жүргізуді толығымен электрондық форматқа көшу үшін іс шаралар жүзеге асырылуда.

         Қазіргі кездің өзінде азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот ісі электрондық форматта жүргізіліп отыр. Атап айтқанда, еліміздің соттарына түсетін азаматтық істердің шамамен 95%-нан астамы электронды түрде қабылданған.

         Жоғарғы Соттың іске қосқан «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі арқылы республика соттарына 5 миллионға жуық арыздар мен өтініштер келіп түскен. Бұл жүйенің тиімділігін сот процесіне қатысушылар сезініп үлгерді. Себебі, осы электрондық ақпараттық жүйелердің енгізілуі арқылы бірқатар өзекті мәселелер өз шешімін тапты.

         Азаматтық істерді қарауда электрондық технологиялардың енгізілуі істердің уақтылы әрі жылдам қаралуына, сотқа қатысушыларға сотқа келмей-ақ талап арыздар мен өтініштерін беруге, істің қаралу сатысын кез-келген жерде отырып интернет арқылы көріп білуге және сот актілерін судьяның электронды-цифрлы қолтаңбасымен шығарып алуына мүмкіндік берді.

         Жаңа технологияларды сот жүйесінде кеңінен қолдану ары қарай жалғастырылып қылмыстық іс жүргізуді электрондық форматта жүргізу қолға алынды. Осыған орай, Қылмыстық процестік кодексіне өзгерістер енгізіліп, қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізу мүмкіндігі қарастырылған.

         Қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізу іске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда өте тиімді болатыны сөзсіз.

         Атап айтқанда, тергеу органдарымен құжаттар мен дәлелдемелерді жоғалту немесе бұрмалау фактілерін болдырмауды, іс құжаттарымен қатысушылардың танысуы үшін қол жетімділігін және қылмыстық іс жүргізудің ашықтығын қамтамасыз етеді.  

         Демек, халықаралық стандарттарға сай сот жүйесіне қол жеткізу үшін сот ісін жүргізуді толығымен электрондық нысанға көшірудің маңыздылығы орасан зор.

 

 

Алакөл ауданының №2 аудандық

сотының судьясы                                                                                 Д.Ә.Турехулов

 

 


Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».