Акимат Алаколького района Алматинской области
Ушарал +18 C°

Новости

Тағдыршешті таңдау

Категория: Новости
Дата: 09.04.2019
Просмотры: 15 Печать страницы
Тағдыршешті таңдау

Талай ғасырлар қойнауынан тамыр тартатын қазіргі Қазақстанның тарихына зер салсақ ел тізгінін ұстаған тұлғаларды халық бірауыздан қолдап, басшы ретінде бағынған болатын. Ал тәуелсіздік тұғырын тіктеп, еңсемізді егемендігіміз көтерген мезеттен бері күллі қазақстандықтарды тар жол, тайғақ кешулерден аман-есен алып шыққан Елбасы Н.Назарбаев өз өкілеттілігін тоқтатып, билікті тапсырған еді.

Осы ретте Мемлекет басшысы қызметін ұстаған Қ-Ж.Тоқаев өз міндетін абыроймен атқара келіп, халықтың мүддесін көздейтін келелі шешім қабылдады. ҚР Конституциясына байланысты Президенттің кезектес тыс сайлауын өткізу туралы Үндеуінде жариялап, тағдыршешті шешім жасады.

Қарап тұрсаңыз, бұл жаһандық бәсекелестікте бәсіміздің бекем болуына және бұқара мен билік арасындағы қатынастың күшейе түсуіне және қазақстандықтардың сенімінің артуына үлкен септігін тигізбек. Біз жастар, кезектен тыс сайлауды қолдай отырып, күллі Қазақстанның болашағы үшін барын салып, абыроймен еңбек етер тұлғаны Президент қылуда жұмыла атсалыспақпыз. Әр азаматтың таңдауы – ел ертеңінің беріктігі мен келешегіміздің кемел болуының кемілі. Сондықтан да алда келе жатқан айтулы күнде болашақ кілтін ұстаған жастар келелі шешім қабылдап, халық қалауына қарай қадам жасауда аянып қалмақ емес.


Н.ХУСИНОВ,
Аудандық жастар ресурстық орталығының маманы

 

 

Другие отзывы жителей Алакольского района Вы можете прочитать в нижерасположенном файле:
 


Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».