Акимат Алаколького района Алматинской области

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Категория: «Правительство для граждан» (ЦОН)
Дата: 26.05.2017
Просмотры: 340 Печать страницы

             Адамзатқа  ертеден таныс сыбайлас жемқорлық- заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса,сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл дерт айналып өткен жоқ.

Республика Президенті Н.Назарбаев өзінің  «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа арнаған Жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйікті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, баршаны қоғам дертімен бірлесіп күресуге шақырады.  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда.  Осы бағыттағы шаралар мен көкейкесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің азаюы байқалады. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі-парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түптамырымен жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни, пара беру де, алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет.


Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».